«Кәусар-Али 2030» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Жетісай ауданы, Жетісай қаласы «Кәусар-Али 2030» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен –жайы) | ҚР, 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы,Қ. Сәтпаев көшесі № 19 А үй |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Ұялы телефон 8 778 359 41 47 электронды поштасы aiagoz.ilyas @mail.ru http://kausar-ali-2030.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | «Кәусар-Али 2030» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылтайшысының шешімі бойынша Іляс Аягөз Батырбайқызы 2019 жылғы 08 мамырдан № 02 жқ бұйрықпен меңгеруші қызметіне тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 27.10.2017 жылы берілген. БИН 171040036402 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы талон қайта 2022 жылғы 16 желтоқсанда № KZ20RVK00043389 хабарлама берілген. |
| 7 | Құрылған жылы | 27.10.2017ж |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты типтік үлгіде |
| 9 | Топтар саны | 2 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: І ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпен | 1 Аралас топ (4-5 жастағы балалар)-күні бойы 1 Ортаңғы топ (3 жастағы балалр)-күні бойы |
| 14 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 50 балаға арналған. 15.02.2024 жылы 50 балаға №Х.17.X.KZ87VWF00139921 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада заман талабына сай салынған. Балабақша 40 орындық, 2 топ жұмыс жасайды. Әр топ 20 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейінгі уақыт аралығында.
Екі топ жұмыс жасайды. Аралас «Балдырған» тобы, Ортаңғы «Ботақан» тобы. Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде тәрбиеленеді.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа музыка залы, мед кабинет, асхана жұмыс жасайды. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал – сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, ағаштар, шыршалар егілген. Гүлзарлар жасалған. Ауладағы әр топтың серуендеу аландары әткеншектермен, құмсалғыштармен, төбешіктермен жабдықталған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын күркелер қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші кабинеті;
— Медбике кабинеті.
Қолданыстағы құрал-жабдықтар:
— Теледидар – 2 дана;
— Компьютер – 1 дана;
— Ноутбук — 0 дана;
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.